Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысы өзгерді. Қаңтар айынан бастап жаңашылдықтар қолданысқа енгізіледі. Толығырақ тілші сюжетінде.
Табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары және 2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәсілдері қандай? Бұл туралы басқарма басшысы брифингте айтты. Яғни атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау процесі енді өзгереді. Медиандық табысқа байланысты болмақ.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Орташа медиандық табыстың деңгейі 116 мың, 35 пайызы 40 мыңнан асады. Бұл бірінші өзгеріс.
Яғни, атаулы әлеметтік көмек бұрынғыдай кедейлік шегіне байланысты болмайды. Тек өңірдің медиандық орташа табысына қарайды. Оны тағайындау үшін учаскелік комиссиялар жұмыс жасап жатыр.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Олар нақты төлем алушылардың қай деңгейде тұрып жатқанын білмейді. Учаскелік комиссиялар мобильді қосымша пайдану арқылы алдын ала қорытынды шығарылады. Өз шешімін шығаруға құқылы болады.
Аталмыш мобильді қосымша өтініш берушінің географиялық орнын, жылжитын, жылжымайтын мүлкі жайлы ақпарат береді.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
АЭК тоқсан сайын тағайындалады. Тоқсан сайын олар ай сайын құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. 2-3 күн ішінде шешім қабылданады. Тоқсан сайын жүргізілетін жұмыс.
Павлодар облысында 2024 жылдың соңғы тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті 3400 отбасы, яғни 14000-нан аса адам алды. Олардың ішінде 9 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар.
Самал Қалиқызы