Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалы қала әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарымен бірлесіп, жаңа жыл алдындағы азық-түлік бағасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Нәтижесі қандай? Тілшіміз айтсын.

Партиялықтар мен әкімдік өкілдері Назарбаев көшесі, 34 және 42 мекенжайындағы "Арзандау" және "Inmart" дүкендеріне, сондай-ақ Катаев көшесі, 73/1 мекенжайындағы "Fruits" дүкеніне барды.

АСЕЛЬ КЕНЖАЛИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Қазіргі таңда өсімдік өсірушілермен меморандумға қол қойылды. Оның негізінде картоптың бағасы 120 теңге болуы керек, көлемі 6 см-ден аз болмауы керек. Әлеуметтік маңыздағы тауарлардың бағасы сары қағазға жазылған.

Өндірушілермен жасалған меморандумдар, тұрақтандыру қорының жұмысы, жергілікті өндірушілерді қолдау және өнімдерді әлеуметтік дүкендерде, супермаркеттердің арнайы сөрелерінде төмендетілген бағамен сату арқылы бағалар бақыланады деді, бөлім қызметкерлері.

АСЕЛЬ КЕНЖАЛИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Орамжапырақ, сарымсақ, сәбіз, картоптың бағасына тек 15 пайыз ғана қосылуы керек. Егер баға көтерілген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырған. Әлеуметтік нүктелерде қызанақ 850 теңге, қиыр 1090 теңге теңгеден жіберіледі.

ЛАРИСА ПАВЛОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен жақынде тұрамын. Осы ауданда дүкен ашылғаны қуантып отыр. Бағалары жақсы. Картоп 120 теңге ғана, басқа жерлерде 20 теңгеге қымбат.

Желтоқсан айында облыс әкімдігі қыс мезгілінде қияр, қызанақ және сүт өнімдерінің бағасын көтермеуге міндеттенген өңірдің 10 кәсіпорнымен келісімге қол қойды.

Самал Қалиықызы, Мұрат Әбілмәжит