Әдеттегідей жаңа жылдық мерекелер қарсаңында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істей бастайды. Бұл үшін арнайы жедел топтар да жасақталды. Тілші әңгімесінде.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырды. Мереке күндері автопатрульдер көптеп тартылатын болады. Сондай-ақ шаһар көшелерінде 70 тен аса көлік кезекшілік жүргізеді. Бұған қоса, Ұлттық ұланның сарбаздары қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдырылады.
ТАҢЖАРЫҚ НОҒАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КЕЗЕКШІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары келер жаңа жыл қарсаңында Павлодар қаласы полиция басқармасының қызметкерлері мектептерде өтетін жаңа жыл мерекелеріне, азаматтардың жаппай жиналу орындарында және ойын сауық орталықтарында өтетін мерекелерге байланысты қоғамдық қауіпсіздік сақтау мақсатында күшейтілген қызмет көрсеті мерзіміне ауыстырылған.
Павлодар қаласында 20 учаскелік пункт жұмыс істейді. Бұл бекеттердің инспекторлары үй-үйді аралап, есепте тұрғын азаматтарды тексереді. Айта кетейік былтыр жаңа жыл түнінде 102 нөміріне 400 ден аса шақыру түскен екен.
Полиция қызметкерлері азаматтардан заңды бұзбай, қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.
Әйгерім Тоқпанқызы