Ақсу қаласының тұрғындары бүгін жылу параметрлері төмендеп, тіпті ыстық судың жоқтығы жайында шағымданған. Белгілі болғандай бұған себеп, жылыту қазандығынан тағы да ақау шықты.
«Қазхром» транс ұлттық корпорациясы АҚ-ның №4 аудандық жылыту қазандығы агрегатының диаметрі 325 мм болатын қысым құбырындағы қабат аралық плитада технологиялық ақау анықталды. Зақымды жою жұмыстары аяқталғаннан кейін, салқындатқыштың параметрлер қалыпына келтіріледі.
-Анықталған ақауды жоюдың және параметрлерді нормаға сәйкес қалпына келтірудің болжамды уақыты сағат 15:00-ге дейін деп жазылған Ақсу қаласы әкімдігінің инстаграмм парақшасында.
Айта кетейік, Ақсу қаласында 50 мың халық тұрады. Өткен аптада «2 аудандық жылыту қазандығындағы №5 және №6 желілік сорғылардың бекіту арматурасы істен шығып, жылу параметрлері төмендеп кеткен еді.