Жаңа жыл мерекесін тойлау қуаныш сыйласа да түрлі жағдайлар орын алып, дәрігер көмегіне жүгініп жатамыз. Сондықтан кезекші дәрігерлер демалыс күндері мен мереке күндері болса да тәулік бойы жұмыс істейді.Толығырақ алдағы сюжетте.

Жаңа жыл мерекесі күндері дәрігерлердің жұмысы екі есе артады. Жедел жәрдемге жүгінетіндердің саны да біршама көбейеді. Демалыс күндері мамандар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Себебі ұжымдық мерекелік кештер ұйымдастырылады.

Кезекші дәрігердің жұмысы таңғы 8-де басталып, тәулік бойы жалғасады. Ақ халаттылар әрқашан көмекке келуге дайын, олар үшін мереке күндері жоқ десек те болады.

ӘЙГЕРІМ ЕГЕУБЕКОВА, № 1 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ КЕЗЕКШІ ДӘРІГЕРІ

Жаңа жыл отбасылық мерекелердің бірі. Жұмысымыз екінші тотбасымыз секілді. Сондықтан әріптестермен атап өтуге тырысамыз.Барлық адамдар менің бұл жұмысымды түсінеді. Сондықтан мерекені келесі күндері де жақын адамдармен қасы аламын Бастысы адам өміріне араша болу керекпіз

Айта кетейік, жаңа жыл қарсаңында қалалық ауруханада 53 орта және 36 кіші медициналық қызметкерлер мен 17 дәрігер кезекшілікке шығады.

Қымбат Садық