Денсаулық сақтайтын – дәрігер болса, олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын – емхана. Павлодар ауданы, Заңғар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік дәрігерлік пункт бой көтеріп, пайдалануға берілді. Толығырақ тілші материалында.
Нысан құрылысы тамыз айында басталған. Оған 190 млннан астам қаражат бөлініпті. Жаңа пункттің ашылуы — тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер ететін ерекше оқиға болды.
ДИДАР ИБРАЕВ, ПАВЛОДАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы әлеуметтік маңызы бар нысан өз пайдасын әкеледі деп сенемін, күмәнім жоқ. Барлықтараңызға келе жатқан жаңа жыл құтты болсын
Мұнда заман талабына сай құрал-жабдықтар, кабинеттер бар. Заңғар ауылының тұрғындары үшін, жаңа медициналық нысан денсаулық сақтау саласындағы тың серпін, ауылдың дамуында жаңа мүмкіндіктердің бастауы болды.
ЛӘЗЗАТ АХМЕТЖАНОВА, ЗАҢҒАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бұрынғы біздің медпунктіміз клубтың ішінде болған..Қазір міне үлкен, әдемі, жаңа, бәрі жайнап тұр
Айта кетейік, бастама «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асты.
Қымбат Садық