Аққулы ауданында Әмина есімді кішкентай қыз тұрады. Ол өтіп бара жатқан 2024 жылдың алғашқы сағаттарында дүниеге келді. Толығырақ тілшші сюжетінде.

1 қаңтар күні ел дастархан жайып, туған туысты аралап, Жаңа 2024 жылды қарсы алып жатқанда, сағат тілі 12.30-да шыр етіп дүниеге Әмина қызымыз келді. Қазір балапан 1 жасқа аяқ басты, ата анасының көз қуанышы болып өсіп келеді.

СӘТТІГҮЛ МЕН ДОСЫМЖАН ЫБЫРАЙ, КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ

2024 жылы 1 қаңтар 12.30-да туды. Өзінің халқына қосып өссе деп.

Көпбалалы отбасында ең кенжесі Әмина қазір түрлі тәтті қылықтар шығарып, отбасы мүшелерін қуантып жүр.

Босаға аттағалы тұрған 2025 жыл берекесімен, мерекесімен келсін. Әр шаңырақты Әмина сияқты кішкентай балақайлар шаттық пен қуанышқа бөлей берсін.

Самал Қалиқызы