Полицейлер табиғат қорғау заңнамасының 70-ке жуық бұзушылықтарының жолын кесті. Бұл «Браконьер» жедел профилатикалық іс-шарасы аясында анықталған.
Ел аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның аясында түрлі бұзушылықтар анықталды. Мәселен, 300 келіден астам заңсыз ауланған балық ресурстары мен оларды заңсыз өндірудің 3 фактісі тіркелді. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары орманды заңсыз кесу дерегі бойынша іс қозғады.
ДӘУРЕН ҚАБЫШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Мысалы, Успен ауданының тұрғындары Қозыкетен ауылының маңындағы көлде 286 кг-нан астам балық аулады. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тәркіленген балық сараптамаға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара 20 қазаннан 19 қарашаға дейін өтеді.
Қымбат Садық