Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары! Ертең, яғни 21 қараша, сағат 11:00-де өңірде дабыл соғылады. Бұл Төтенше жағдайлар департаменті "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуімен тікелей байланысты.
Мұндай дабыл «Барлығының Назарына!» дегенді білдіреді. Бұл «Қыс-2024» оқу жаттығуы барысында, сағат 11:00-де соғылады. Дабыл қосылған уақытта, тұрғындар телерадио қабылдағыштарын қосып табиғи және техногендік сипатта туындайтын төтенше жағдайлар туралы маңызды ақпаратты тыңдау қажет. Сондай-ақ, барша тұрғын сабырлық сақтағаны жөн.
Қымбат Садық