Ұлттық Ұланның «Жас бүркіт» әскери патриоттық клубының қатары толықты. Олардың құрамына енді екбастұздық джиу-джитсу спортшылары қосылды. Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубының құрылғанына биыл 21 жыл толып отыр. Бұл туралы толығырақ тілшіміз айтсын.
Қаламыздың №5512 әскери бөліміндегі «Жас бүркіт» клубына 130-дан астам бала кіреді. Олардың қатары бүгін «Sam team» клубының мүшелерімен толықты. Екібастұз қаласынан келген джиу-джитсу спортшылары алдымен әскери бөлімнің жұмысымен, қару-жарақпен, техникамен танысты.
Әскери бөлімге жақында ғана Абу-Дабиден жеңіспен оралған Әлем чемпионы 6 жастағы кішкентай Хадия Қонаева да келді. Ол Біріккен Араб әмірлігі астанасында өткен жарыста қарсыластарын шаң қақтырып, алтынмен оралды.
ХАДИЯ ҚОНАЕВА, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Мен там занимаюсь спортом. Там күрестім. И бегаю, сосын занимается. Сосын біз жарысқа барамыз.
САМАТ ҚОНАЕВ, «SAM TEAM» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бүгін біз №5512 әскери бөліміне келдік. Біздің клуб пен әскери бөлім арасында меморандумға отырамыз. Шақырғандарыңызға көп рахмет.
Осы ретте әскери бөлімнің акт залында сарбаздар мен жас спортшылар танысты. «Сам тим» спорт клубының жетекшісі Самат Қонаев спорт жолындағы қызықтарымен бөлісті. Шара барысында спортшылар «Жас бүркіт» әскери патриоттық клубының қатарына өтіп, екіжақтық Меморандумға қой қойды.
АРМАН АБДРАСУЛОВ, №5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Меморандум шеңберінде айтылған әскери бағытта өткізіліп жатқан іс шаралар болашақта біздің жас ұрпақты тәрбиелеу оның бір бағыты болып танылады. Түрлі мерекелер іс шараларға соған байланысты жас буынды үйретеміз. Сол мақсаттың бірі болып табылады.
«Жас бүркіт» клуб құрамына 3 пен 18 жас аралығында 100-ден астам бала кіреді.
Айта кетейік, Ұлттық Ұланның №5512 әскери бөлімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысады. Қазіргі таңда мында 500-ден астам сарбаз бар.
Самал Қалиқызы