Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында «Джудит жасаған қиын таңдау» қойылымының премьерасы ұсынылды. Театр ұжымы бұл қойылым арқылы көрермендерді адамгершілік, жауапкершілік жайлы ойлануға шақырады.

Отандық қазақ театрларының сахналарында бұрын-соңды қойылмаған жанр – балалар мен ересектерге арналған премьера ерекше өтті. «Джудит жасаған қиын таңдау» - бұл отбасыға ерекше көңіл күй сыйлайтын, көрерменді ұмытылмастай әсерге бөлейтін, ғажайыптар мен ертегі әлеміне апаратын спектакль-шоу.

АРУЖАН ОРАЗОВА, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘДЕБИ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕУШІСІ

Жалпы бұл спектакльдің дайындық жұмыстары сәуірден бастап кетті. Өйткені сол уақыттан бастап режиссер көркемдік кеңеске өзінің макетін ұсынған болатын осндай балалар мен ересектерге осындай шоу құрамыз деп. Сонымен деарациясына, маска жасауға, киім-кешегінің тігілуіне көп уақыт кетті. Сергей Ливицкий өздеріңіз білетін Ричард 3 қойылымын қойған болатын. Сол да күрделі спектакльдердің бірі. Екінші туындысы осы Джудит жасаған қиын таңдау. Бұл қойылымның ерекшелігі авторы да суретшісі де режиссері де киім және жарық суретшісі де Сергей Ливицкийдің өзі болып табылады.

Жүсіпбек Аймауытов театры үшін бұл қойылымның бір уақытта ересектер мен кішкентай бүлдіршіндерге арналғаны алғашқы тәжірибе болып отыр. Спектакльдің көрнекі және динамикалық құрылымы арқылы қойылым авторлары көрерменге әке мен бала арасындағы мәңгі таусылмайтын мәселесі жайлы сыр шертеді.

СЕРГЕЙ ЛЕВИЦКИЙ, ТУЫНДЫ АВТОРЫ, РЕЖИССЕР

Бұл қойылым – балалардың жалғыздығы мен ата-аналардың жалғыздығы туралы. Кейде олардың арасында пайда болатын түсініспеушіліктері жайлы. Ересек адам баланы, ал бала ересек адамды түсінуі үшін осындай қойылым ұсындық. Бұл спектакльде жауапкершілік пен қатар өз әрекеттеріңнің салдары туралы көрініс табады.

Қойылым - балаға ересек адамның көзімен, ал ата-анасына айналаға баланың көзімен қарауға мүмкіндік береді. Спектакльден соң тіпті олардың бір-біріне деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгеруі мүмкін.

ДИЛЬНАЗ ҚИЯТОВА, БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАҒАН ӘРТІС

Жалпы бұл роль мен үшін қиын болды, себебі ол менің ең алғашқы дьюбиттік ролім болғандықтан. Мінезін шығару, оның әрекеттерін шығару ол зімнің балалық кезімнен өзім қандай болдым, соны сахнаға шығаруды тырыстым. Өзіме ұқсайды еп айта аламын. Себебі бала кезімде мен қырқсық болдым, ата-анамды тыңдамайтын бодым. Басты рольдегі қыз 10 жасар қыз. Аты Джудит. Ол өзінің іштей қалайтын әлемі бар. яғни қазір біз тұрып жатқан әлем оған мүлдеп ұнамиайды, ол өзінің ішкі ойлап тапқан, қағаздан жасап шыққан замогы болады. Ол жерде өмір сүруді қалайды.

 «Джудит жасаған қиын таңдау» спектаклі 26, 27 қараша күндері қазақ тілінде қойылса, 28 қарашада орыс тілінде сахналанады.

Сабина Жолдаспаева