Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барды. Онда ол құрылысы аяқталмаған әлеуметтік нысандарды аралап, қарқынымен танысты. Толығырақ тілші әңгемісенде.

Облыс әкімі әуелі облыс орталығына іргелес қалада жылу беру науқанымен танысты. Металлургтер қаласында бұл маусым 16 қыркүйек күні басталған. Бірақ соңғы уақытта жылу беру қысымының төмендігі жайында және ыстық судың жоқтығына шаһар тұрғындарынан жиі шағым айтқан. Бұл орайда аймақ басшысы Ақсу қаласының әкіміне арнайы жол карта әзірлеуде тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл жерде біз бәріміз кешенді жұмыс жасауымыз керекпіз. Жылу орталықтары ғана емес, жылу желілермен жұмыс көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жұмыс оларды жаңғырту, модернизация жасау, оларға есеп жасайы құралдарды орнату бұның бәрі бір бағдарламаға кіру керек. Сондықтан Болатбек Кәрімұлы Ақсу қаласының жалпы коммуналды шаруашылық саласын дамыту үшін нақты жол картасын жасаңыздар. Рет ретімен бұл мәселені шешу керек.

Бұдан кейін Асайын Байханов құрылысы 2 жылға созылып кеткен көпқабатты үйдің алаңына ат басын бұрды. Оның нәтижесінде жергілікті билікке 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде нысанды тезірек аяқтау үшін нақты жоспарды ұсынуды тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Келесіз, ұсыныз енгізесіз. Бұл үйді осылай қалдыруға болмайды. Қаншама отбасылар күтіп отыр. Біз бұның жырымен әлі жүрміз. Бұл жырға нақты нүкте қоя керек. Сіз жұмыс атқараңыз осы жерде.

Айта кетейік, Ақсу қаласында бірнеше әлеуметтік нысан кешігіп салынуда. Солардың бірі Үштерек, Алғабас, Еңбек және Пограничник ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы. Алынған міндеттемелерін мерзімінде орындамауына байланысты мердігерлерді жосықсыз деп тану бойынша талап-арыз жұмыстары басталды.

БОЛАТБЕК ШӘРІПОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өкінішке орай, 4 обьект 4 ауылда толықтай салынған жоқ. Осы күйінде қалып тұр. Проблемный проектер болып тұр. Тех аудитті тағы тексереміз.

Шаһарға жарық орнату түйіткілі назардан тыс қалған жоқ. Астана, Ленина, Ауэзова көшелерінде биыл 15 желтоқсанға дейін шамдар орнатылады.

Әйгерім Тоқпанқызы