Шаһарымызда 2015-2016 жылдары туған жас спортшылар арасында «Артспорт кубогы-2024» футбол жарысы өткізілді. Жарысқа облыстың әр өңірінен үздік командалар қатысып, футболдан шеберліктерін көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірде балалар арасында футболға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Осы жарыста бір командада бес ойыншы және бір қақпашы болды. Әр тайм 10 минуттан өтеді. Барлығы 10 команда жиналды.

АЛИЯ ШЕГЕБАЕВА, «SANLIN» ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұл турнир артспорт бағдарламасы аясында бастау алды. Бұл бағдарлама облыс бойынша 2021 жылда бастау алған болатын. Қазір 4000ға жуық бала футбол бойынша тәрбиеленуде. Ата аналар тегін балаларын қатыстыра алады.

Жас спортшылардың ата-аналары жарыстың ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, жеткіншектер тек жеңіске жету үшін емес, командалық сыйластықты және адал бәсекені үйрену үшін жарысқа қатысып жүр.

САЯН КОЖИКОВ, АТА-АНА

Мен Нығметолла Нұрислам әкесі боламын, ол фк командасна қатысады артспорт бағдарламасы бойынша тегін қатысады. Аптасына 3 рет. Өзіне ұнайды. Міне қазір жарыс өтіп жатыр, соған қатысады. Бәрі керемет жақсы.

Жас футболшылар да жарыс барысында алған әсерлерімен бөлісіп, осы спортты ұнататынын айтты.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар арнайы медальдар мен және кубоктармен марапатталады. Сондай-ақ барлық қатысқан спортшыларға мадақтама қағаздары беріледі.

Сабина Жолдаспаева