Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада белгілі балалар ақыны Сүлеймен Баязитовтың 80 жылдығына арналған әдеби жиын өтті. Шараға ақынның көзін көрген қаламдастары, ұрпақтары, жастар қатысты.
Сүлеймен Баязитов әдебиетке сүбелі үлес қосқан қаламгерлердің бірі. Көптеген жыр кітаптарының авторы. Шығармашылық жолы сан алуан салаларды қамтиды.
МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сүлеймен ағамыз тек қана балалар әдебиеті ғана емес, сатираға да, журналистика, өлкетану ісіне де ат салысқан адам. Жыл сайын Баязитов атындағы оқулар бар. Сол жарысқа орта сыныптың оқушылары қатысып келе жатыр. Жетістік осы деп білеміз. Егерде сіздің жазған жырыңызды дәріптеп жатса, оқушылар оқып жатса онда сіз бен біздің ұтқанымыз
Әдеби жиынға ақынның көзін көрген замандастары, шәкірттері, өзі жұмыс істеген мектеп ұжымының өкілдері қатысты. Барлығы ақынның адамгершілік қырына, шығармашылық ерекшелігіне тоқталды.
СЕРІК ЕЛІКБАЙ, ЖАЗУШЫ, ПРОФЕССОР
Ол кісі ұзақ уақыт аудандық газетте қызмет істеді. Сөйлескен адамның көңіліне, қабағына қарайтын. Сенікі бұрыс, менікі дұрыс деп айтпайтын. Кейде қанаты талып, шаршап келе жатқан құсқа да ұқсайтын. Бұл кісі расымен де балаларға жазатын. Балаға өлең жазу үшін шынымен балалықпен, тазалықпен келу керек
Жиынға ақынның ұрпақтары қатысты. Отбсындағы, әке ретіндегі естеліктермен бөлісті. Өмірінің сңғы сәтіне дейін қолынан қаламын тастамағандығын айтты.
СӘУЛЕШ СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ, СҮЛЕЙМЕН БАЯЗИТОВТЫҢ ҚЫЗЫ
Жетпіс бес жасында ол кісі ауырып жүрген кезінде әкесіне арнап кітап жазды. Аяқтауға асықты. Өзі де үлгере алмайтындығын сезді. ОЛ кісіге кітаптың абразецін көрсетіп үлгердік. Сосын қайтыс болып кетті.
Жиналғандардың барлығы 75 жасында өмірден өтіп, әдебиет желкенін шалқар айдында тербетіп өткен ақынның мәңгілік ғұмыры ұзақ болатындығын айтты.
Жанасыл Серікбол