Биыл 130 жылдығы кең көлемде тойланған ақындардың бірі – Сәбит Дөнентаев. Қазақтың бозторғайы атанған қалам иесі жанашыр жырларымен көпшілікке жақын болды. Ұлт ақыны ретінде халықтың жүрегінен орын алды.
Сәбит Дөнентаев шығармашылығына сол кездегі ауыр тарихи ахуал, қарапайым өмірдегі әділетсіздік, әлсіздің мұң-мұқтажы арқау болды. Жылағанның көзін сүртіп, зәбір көргеннің қасынан табылды. Жығылыған сүйеу болды. Айналасына, еліне жанашыр жүргеніне туған жырлары қазақ даласына кеңінен жайылды.
Ол проза жанрына да қалам тербеді. Бүгінде белгілі «Көркемтай» әңгімесі жетімнің жайын сөз етті. Жетімнің ашшы тағдырын қаламына арқау етті. Таза балалық шақтың өмірдің әділетсіз, дүлей күшіне тап болғандығын суреттеді.
Сәбит Дөнентеатвтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Аманат» хабарын арнамыздың эфирінне 3-желтоқсан күні сағат 19-20 да тамашалй аласыздар.
Жанасыл Серікбол