Облыс орталығында құтқарушылар Усолка бекетінде «Мұз» профилактикалық акциясы аясында рейд жүргізді. Бұл шара еркітілермен бірлесіп ұйымдастырылды. Рейд барысында мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған балықшыларға әкімшілік айыппұл салынды.

Рейд кезінде құтқарушылар балықшылардың мұзда жүру ережелерін сақтайтынын тексеріп, қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Ең басты талап – мұздың қалыңдығы кемінде 25 сантиметр болуы. Бұл қалыңдық мұздың ауыр салмақты көтере алатынын білдіреді. Егер мұз жұқа болса, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екені ескертілді.

ЕРЛАН ҚАСЫМОВ, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі рейдтің ең басты мақсаты адамның мұз үстіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Суға батып кетпес үшін, балықшылар мұз үстнде балық ауаған кезде мұз 25 см төмен болған жайғдайда, оларда жилеттер ысқырғыш құтқару жібі болу керек. таяқ болу керек және телефондары палителен ішінде болу керек. Қазір рейд барысынды балықшыларға ескертеміз, жадынама таратамыз. Сұрақтарына жауап береміз.

Құтқарушылар мен волонтерлердің тексеру нәтижесінде, балықшылардың басым бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны анықталды. Көпшілігінің құтқару құралдары яғни, арқан, арнайы кеудеше немесе шандыр таяқша сынды жабдықтары болмаған. Сонымен қатар, мұздың қалыңдығы кейбір аймақтарда 25 см-ден аз екеніне қарамастан, балық аулағандар да болды.

Ал кейбір балықшылар рейдтің маңыздылығын түсініп, мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін құптады.

СЕРІК ЖАНГУЖИНОВ, БАЛЫҚШЫ

Енді қазір міне мұз үлкен емес, бір 25-30 см ғана. Со кезде мұзға шыққан кезде адамдар абай болу керек. Оларда жіп ағаш свисток болу керек. Осындай міне балықшылар көп. Олар қаупсіздік шараларын да ұстамайды. Менде стаж көп. Жилеткмен отырмын.

Айта кетейік, 412-бапқа сәйкес, ережені бұзғандарға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Алайда, егер балықшы өз кінәсін мойындап, айыппұлды бір аптаның ішінде төлеуге келіскен жағдайда-3,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.

Сабина Жолдаспаева