6679 әскери бөлімінде өз борышын бір жыл абыроймен өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты. Оларды шығарып салу салтанатты рәсім ұйымдастырылды.
Әскери бөлім ауласында өткен салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары, туыстары және бөлімнің офицерлік құрамы қатысты. Әскери борышын адал атқарғаны үшін барлық сарбаздарға алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ оларға жоғары оқу орындарында білім алуға арналған мемлекеттік грант бөлінді.
САБЫР МУСИН, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ
Әр жерден келген жігіттер, негізі қазір сапта тұрған жігіттер Шымкент жақтан, Тараз жақтан келген жігіттер. Бір жыл осы здерігің әскери бөлімдерін өткізіп, үйреніп, әрине қиындыөтар болады. Сол қиындықтарды шыдап, өтіп, сол біздің бауырларымызға алғысымы білдіремін 5 жігітке грант берілді оқуға алла жазса ендігі жылдан бастап қыркүйектен оқуға барып оқиды.
Сарбаздар өздерінің әскердегі өмірі туралы әсерлерімен бөлісті. Олар үшін әскердегі бір жыл тек уақыт қана емес, сабаққа толы маңызды кезең болғанын айтады.
ӘМІР ЭФРИТОР, САРБАЗ (ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ)
Өз әскери қызметімді атқардым, осы әскери бөліміме мың алғысымды білдіремін. Өзімнің қызмет атқарған ротама да мың алғыс. Осы бір жылдың ішінде біз әскери навык дейді ғой сол сабақтарды үйрендік, талай әскери қасиеттерді үйрендік. Мысалы біз 1 жыл бұрын ине ,үтік ұстай алмағам. Осы әскерге келіп үйрендік. Сол үшін рахмет айтамын. Бүгін біз мадақтама алды, осы 1 жыл бұрын Павлодар қаласының қажмекемесін қорғадық, сол жерден алғыс хат алдық.
Шара соңында сарбаздар салтанатты сап түзеп, әскери марш орындады. Олар өз бөлімшелерімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Әскери бөлім басшылығы сарбаздарға алдағы сапарларына сәттілік тілеп,үйлеріне құрметпен аттандырды.
Сабина Жолдаспаева