2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Павлодарэнергосбыт" ЖШС тұтынушыларын электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Оның себебі неде? Және тұтушыларға бұл қызметті енді кім ұсынады? Тілшіміз айтсын.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап" Павлодарэнергосбыт" ЖШС тұтынушыларды электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Электрмен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымның міндеттері "Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы" АҚ-ға өтеді". Бұл шешім осы жылдың шілде айында қабылданған "электр энергетикасы туралы" заңға түзетулерге байланысты.
РОМАН ГОНЧАРЕНКО, «ПАВЛОДАРЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
Енді Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі «Электр энергиясы туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес электр энергиясы тұтунышыларына қызмет көрсету, электр есептегіштердің көрсеткішін тіркеу, есептемелер бойынша есептеулер жүргізуді Павлодар электржелілік тарату компаниясы іске асырады. Осы ретте, қарапайым тұтынушыларға алаңдауға себеп жоқ. Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушылар 2025 жылғы қаңтардан бастап қолданыстағы Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты негізінде электр энергиясын алуды жалғастырады және"Павлодар электр желілік тарату компаниясы" АҚ Бірыңғай төлем құжаты бойынша энергия мен қызметтерге ақы төлейді.
Бірақ бюджеттік ұйымдар электрмен жабдықтауға жаңа шарттар жасасу үшін Павлодар Электржелілік тарату Компаниясына жүгінуі қажет. "Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шарты бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сатушы "Павлодар электр желілік тарату компаниясы "АҚ болады. Толық ақпаратты тұрмыстық тұтынушылар: 903-309; бюджеттік ұйымдар мен тұтынушылар: 39-95-47 телефон нөмірі арқылы біле алады.
Самал Қалиқызы