Облыс әкімі Асайын Байхановтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын - алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы қаралып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жиын барысында 10 айдың қорытындысы бойынша есірткіге қатысты құқықбұзушылық жайлы баяндалды. Алдын-алу шаралары айтылды.

БОЛАТ НҰРСЕЙІТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл 225 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 100 қылмыс «ауыр» және «аса ауыр» санаттарына жатады. Айналымға жіберілмеген есірткі және психотроптық заттардың көлемі 423 кг құрады. 2024 жылы «Киберқадағалау» жүйесімен 75 интернет-ресурсы және 115 OLX маркетплейсі бұғатталды. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында «гашиш майы» бар 3500 капсула тәркіленді

2024 жылдың 10 айы ішінде қоғамда есірткіге саналы түрде қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында 1500-ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілген. Оларға 143 мыңнан астам мектеп оқушылары, сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бүгінгі таңда 1876 адамның нашақорлық бойынша тіркеуде.

ӘНУАР БҰЙДАШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2023 жылғы желтоқсаннан бастап медициналық куәландыру кабинеттерінде 8 жолақты сынақтар жүргізіледі, Олар мыналарды анықтайды: морфин, марихуана, трамадол, амфетамин, мефедрон, тропикамид, митилен-диоксипировалерон, синтетикалық каннабиноидтар.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жоспарды айқын, бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, ттәуекел тобындағы кәмелетке толмағандарға қосымша білім беруді қамтамасыз ету де тапсырылды.

Жанасыл Серікбол