Павлодар ауданының учаскелік инспекторы жолда қалған 60 шетелдік азаматты құтқарған. Бұл полицейдің алғашқы ерлігі емес. 20 жылда ол халықпен етене байланысып, олардың мұң мұқтажын басқадан артық біліп алған. Осы учаскелік инспектор жайлы келесі сюжетімізде.
Бауыржан Бидаев Павлодар аудандық Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы. Осы жерде 17 жылға жуық жұмыс жасайды. Форма киіп, погон тағу балалық арманы болған. Кейіпкерімізді арманы алдамады. Қазір осы погонын абыроймен тағып, елдің тыныштығын күзетіп жүр.
БАУЫРЖАН БИДАЕВ, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ
Шақат ауылында туып, сондай мектепті аяқтадым. Павлодар экономикалық колледжін аяқтап, әскерге кеттім. Сарыағашта азаматтық парызымды өтедім. Әскерден келе бірден ішкі істер саласында бастадым. Мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесінде бақылаушы болдым. 2007 жылы жоғары орнын аяқтап, 2008 жылы Розовка ауылына учаскелік полицейдің көмекшісі болып бастадым.
Учаскелік полицейдің көмекшісі болып 4 жыл жұмыс жасап, кейін Розовка ауылының учаскелік инспекторы болды. 13 жылдан бері осы қызметте.
БАУЫРЖАН БИДАЕВ, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ
Жұмыс кестесіне келсек нормаланбаған. Маған адамдармен сөйлескен, олардың мәселелерін біліп көмектескен ұнайды. Жаңа ғана сіздердің алдарыңызда алаяққа алданған азамат келді. Бізден көмек сұрады. Біз қосымша арқылы шоттарын бұғаттап тастадық. Несиелерден өз еркімен бас тартты. Алаяқтар оған бейнеқоңыраумен хабарласа бастады. Осылай бір адамды алаяқтарға алданудан құтқарып қалдық.
Бауыржан Бидаев осылайша Рождественка, Розовка және Максимовка ауылдарының учаскелік инспекторы. Ауыл тұрғындары кез келген сұрақпен полицейге жүгінеді екен.
БАУЫРЖАН БИДАЕВ, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ
Ауылда біз жан жақты адамдармыз. Учаскелдік полицей де, тергеуші де, жедел уәкіл, көші қон маманы да бізбіз. Тұрғындар өте жақсы. Көбінесе отбасылық-тұрмыстық сұрақтармен жүгінеді. Яғни менің әкімшілік аумағымда 73 бап бойынша жыл басынан 37 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық материалдар сотқа жүгінді.
Кейіпкеріміз 2017 жылы 3 адамды оттан құтқарып алған. Ал, осы жылдың қараша айында автобустары сынып, далада қалған 60 шетелдік азаматты құтқарды. Бауыржан Тоқашұлы әр жасаған ерлігін азаматтық парыз деп отыр. Оның қызметін қиындығы мен қызығын отбасы да бөлісіп отыр.
БАУЫРЖАН БИДАЕВ, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ
Басында әрине осы жұмыстың кесірінен түрлі түсініспеушіліктер болып тұратын. Бірақ әйелім үйреніп қалды. Өзі мектепте жұмыс жасайды. Әзірге балаларымыздың ешқайсысы полицей болғысы келмейді. Екі балам Павлодарда оқиды, кіші ұлым бізбен Розовка ауылында.
Учаскелік полицей 2 мыңнан астам тұрғынмен тығыз байланыста. Бәрінің тілін тауып, бәрімен жұмыс жасайды. Осыдан-ақ Бауыржан Бидаевтың өз мамандығын жақсы көретіні көрініп тұр.
Самал Қалиқызы