Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар, Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік туралы ақпарат берілді.