6679 әскери бөлімінде 160 сарбаз әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдау рәсіміне Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ұлытау облыстарынан 200 - ден аса ата-ана келді. Сондай-ақ, шараға ардагерлер де, сарбаз аналарының комитеті де қатысты. Өзге де ұйым мен мекеме өкілдері жауынгерлердің қызметіне сәттілік тіледі.
ШОЛПАН ЖАНАТБАЕВА, АТА-АНА
Әрбір жігіт бұл міндетті атқаруы керек. Аналарға ауыр тиетіндігін білемін. Сонда да атқарылуы тиіс борыш. Әкелер бұны әркез қолдайды. Аналар қиналса да бұл міндетті абыроймен атқару керектігін түсінеді. Сондықтан, барлық жас сарбаздарға сәттілік тілеймін.