Сәуір айынан бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Тіркелмеген мопедті басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Еліміздің көлік саласында жаңа заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. . Мопед көлік құралы санатына енгізілді. Ал оны басқаратын азаматтар , мемлекеттік тіркеуге өткізіп, жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі. Аталған көлік түрлеріне сұраныс артып келеді. Жұмысқа, оқу орнына жылдам жеткізетін болғандықтан, оны пайдалушылар күн сайын көбеюде. Әсіресе, түрлі тауар жеткізушілердің тұрақты темір тұлпарына айналған. Бір жағынан жеңіл, арзан. Бірақ қаупісіздік басты назарда болуы шарт.

АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

 Бұл оларды пайдалану үшін: полицияда тіркелу; А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы, техникалық тексеру; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады. Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары. Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеңіз. Ең маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз.

Өкінішке қарай, мопедшілердің қатысуымен тіркелетін апат саны жыл сайын артып келеді. Үкімет тарапынан енгізілетін өзгерістер көлік қауіпсіздігін арттыруға негізделіп отыр.

Қымбат Садық