- 15 қаңтардан бастап Павлодар облысында қасқырлар мен шибөрілерді аулауға рұқсат берілді. Оған рұқсатты электрондық форматта алуға болады. Толығырақ келесі сюжетте.
- Павлодар облысында қасқырлар мен шибөрілерді атуға рұқсат қағазын алуға болады. Ол үшін аумақтық инспекцияға келіп, өтініш жазудың қажеті жоқ, электрондық форматта тиісті құжаттарды жібересіз.
- ЗЕЙНЕГҮЛ АРЫНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
- Он бесінші қаңтардан бастап бізде ресми тілмен айтқанда жануарларға қасқырлар мен шибөрілерге аңшылыққы рұқсат етіледі. Е-өтінішке өтінштерін беріп, сол алатын құжаттарды өтінімдерді тапсырып, электрондық рұқсатты алады. 20 минут ішінде жауап беріледі. Бас тарту жауаптарын береміз.
- Қасқырлар мен шибөрілерді атуға рұқсат берудің негізгі мақсаты жануарларды қырып-салу емес, деді инспекцияда.
- ЗЕЙНЕГҮЛ АРЫНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
- Басты талап қасқырларды реттеуге, атуға қай кезде беріледі. Тұрғылықты мекендейтін жерлерге малдарға, адамдар шабуылдаған кезде бізде жергілікті хабар беріледі. Сондай хабар болған кезде санын реттеуге рұқсат беріледі.
- Қазіргі таңда Павлодар облысында 249 қасқыр бар. Шибөрілер әзірге кездеспеген.
- ЗЕЙНЕГҮЛ АРЫНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
- Негізгі шоғырланған мекендейтін жерлері Баянауыл, Май ауданы, Екібастұз қаласы аумағында аңшылық шаруашылық субъектілерінде есепті береді.
- Соңғы 3 жылда біздің өңірде қасқырлардың адамдарға, үй жануарларына шабуылы тіркелмеді. Бірақ олардың жыл сайын санының өсіп келе жатқаны байқалады.
- Самал Қалиқызы