6679 әскери бөлімінде Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарынан келген сарбаздар әскери міндеттерін өтеп жатыр. Бүгін оларға қару-жарақ тапсыру салтанаты өтті. Толығырақ тілші бейнематериалынан көрейік.
Әскердегі сарбаз үшін маңызды оқиғалардың бірі қару-жарақ алу. Жас жауынгерлерлер қарудың сипаттамасын, оның жауынгерлік мүмкіндіктері мен маңызын, сондай-ақ атыс қаруымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын ескерді.
АМАНЖОЛ ӘЙТЕНОВ, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ
Бүгін бізде жеке құрамның жас сарбаздарына қару тапсыру сәті өтті. Бұған дейін теорилық дәрістер өтті. Әрбір жауынгерге қауіпсіздік шаралары ескертілді. Олардың барлығы алдын ала сынақтан өтіп, жақсы тапсырды. Олар осы қолдарына алған қарумен әскери борышын атқарады, ел тыныштығын күзетуде аянбай еңбек етеді. Сондықтан әр сарбаз жауынгерлік қаруды дұрыс пайдаланып, қателік жібермей, өз міндеттерін адал атқарады деп сенемін
Сарбаздар өздеріңе тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болады. Сондықтан жауынгерлік қаруды дұрыс ұстағаны жөн. Осы орайда ардагерлер бірқатар кеңестерін де айтты.
Бүгінгі өмірлерінде есте қаларлық сәт жөнінде жас сарбаздарды да сөзге тарттық. Жауынгер болған соң өзіңе бекітілген жеке қаруыңның болғаны үлкен қуаныш дейді олар.
Жалпы, 6679 әскери бөлімінің 160 сарбазы қару-жараққа ие болды.Енді бірнеше күннен кейін алғашқы тәжірибелік ату сабақтары жүргізіледі.
Қымбат Садық