«Тұрмыс» жедел-профилактикалық шарасы аясында құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылданды.
Ішкі істер органдары құқық бұзушылық жасауға бейім 449 адамды тексерді. Бір тәулік ішінде полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 88 хабарлама түсті. Оның ішінде 42 адам жауапқа тартылды. Екібастұз қаласында ер адам жұбайымен жанжалдасып, оны балағаттап, үйден қуып жіберемін деп қорқытқан. Әйел полициядан көмек сұрады. Сот ер адамға 30 тәулікке қорғау ұйғарымын шығарды.Тағы бір жағдай 70 жастағы ана мен оның 46 жастағы ұлы арасында орын алды. Ер адам анасына дөрекілік танытып, бұрын сотпен қойылған ерекше талаптарды бұзғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Полиция тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды екенін еске салады. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.
Сабина Жолдаспаева