Кейінгі екі жылда ауылшаруашылық саласында тұрақты өсім жоқ. Мәжілістегі аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері осылай дейді. Олар 2023 жылғы қуаңшылық пен 2024 жылғы тасқынның салдарынан шаруалар әлі күнге қарыздарынан құтыла алмай жүргенін айтады.

Сондықтан, 20%- дан жоғары мөлшерлемемен несие алғандардың берешегін қайта қаржыландыру арқылы төмен пайызға ауыстыру керек деген пікірде. Бұдан бөлек, қолданыста бар 5 пайыздық несие бағдарламасын барлық шаруаларға бірдей қолжетімді ету, субцидиялық берешекті келесі жылға қалдырмау, кепілге алынған мүлікті уақытылы қайтару секілді мәселелер көтерілді. Мәжілісмендер жиналған өнімді өңдеу мен экспортқа шығара алмаудың басты себебі жоспарлаудың жоқтығы деп санайды.

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Биыл айттық 27 млн тонна астық жинадық деп. Ал, оның өтуі қалай? Аграрлық кредитный компания бар, Казагорофинанс бар солар алдындағы міндеттемесін орындай алмай жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 желтоқсаннан бастап 700 млрд теңге көктемгі егіс жұмыстарына қаражат бөліп отыр. Соның өзін алуға көп фермерлердің қолы жетпей жатыр.