Облыс орталығында құрылыс заттарын сататын дүкен отқа орында. Өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін тәңертең сағат 10.30 шамасында түскен.
Өрттен бір адам ажал құшты. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумаққа жайылды. Тәңертен тұтанған өрт күндізгі он екіде сөндірілді.
ДӘУЛЕТ ҚАЙЫРБЕКОВ, ТЖД ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОДПОЛКОВНИГІ
Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жетті. Оқиға орнына жеткен мамандар құрылыс материалдарының жануын сөндіруге кірісті. Сөндіру жұмысын қатты түтін қиындатады. Ғимараттан 1 газ баллон сыртқа шығарылды. Өрт болған жерден 1965 жылы туған дүкен қызметкерінің денесі табылды. Сағат 11.50-де өрт толықтай жойылды. Қызыл жалынмен күресуге 54 қызметкер мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шығын көлемі әлі белгісіз.
Әйгерім Тоқпанқызы