10 жасар қызды қонақүйге апарып сексуалдық сипаттағы теріс әрекеттер жасаған азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тілшіміз жалғыстырсын.
Іс материалдарының мәліметінше, 30 жастағы ер адам алаяқтық жолмен қыз баланы қаламыздағы қонақүйлердің біріне апарып, психотроптық зат қолдануға көндіріп, соңынан сексуалдық сипаттағы іс әрекеттерді істеген.
ҚҰДАБАЙ СҰЛТАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру және педагогикалық қызметпен, кәмелетке толмағандармен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 299-бабының 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айыру. Қорытынды жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалсын.
Айта кетейік, бұл уақытта сотталушы жергілікті футбол орталығында менеджер болып қызмет етіп жүрген.
ҚҰДАБАЙ СҰЛТАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Сотталушы кінәсын толық мойындады. Павлодарлық азамат танысымен кездесіп, ішімдік ішкен, кейін психотроптық заттар қолданған. Қонақүй бөлмесіне қалай түскені есінде жоқ. Есін жиғанда, өзінің майка мен шалбарда, ал баланың футболка мен шалбарсыз екенін байқаған. Осы сөзімен баламен бірге қонақүйде болғанын өзі дәлелдеп отыр. Мас күйінде болуы бұл қылмысты жасаған жоқ дегенді білдірмейді.
Жәбірленуші тарап сондай-ақ үш миллион теңге көлемінде талап-арыз берді. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Самал Қалиқызы