Облыстық әділет департаментінің мәліметінше, өткен жылы 2 мыңнан астам құжатқа апостиль қойылған. Мемлекеттік қызметтің 90 пайызы электронды түрде көрсетілген. Толығырақ тілші сюжетінде.

Басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдары берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. Елімізде 2021 жылдан бастап «Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.Тұрғындар шетелге шығар алдында үйден шықпай ақ «Е-Апостиль» сервистік бағдарламалық өнімін пайдалана алады.

ЗАРИНА АРКЕНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Бүгінгі таңда бұл бағытта 2 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тұрғындарда электронды цифрлық қолтаңба, кез келген банктің картасы және компьютер болса болғаны. Тұрғындар үйден шықпай ақ Е-апостиль арқылы мемлекеттік қызметті ала алады. Қызмет 1 жұмыс күнінде көрсетіледі. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталығына барып немесе облыстық әділет департаментіне келіп құжаттарды апостильдеуге болады.

Спикердің сөзінше, тұрғындардың 90 пайызы құжаттарын электронды апостильдеуге көшкен екен.

Самал Қалиқызы