Павлодар облысында қазір 5 мұз өткелі жұмыс жасап тұр. Қалған мұз өткелдерінің жағдайын тексеру үшін Төтенше жағдайлар департаменті облыстық прокуратураға хат жазды. Толығырақ келесі сюжетте.
Павлодар облысында жұмыс жасап тұрған 5 мұз өткелдері Май, Аққулы және Тереңкөл аудандарында орналасқан. Олардың бәрі автокөліктерге арналған. Аталмыш өткелдер қажетті талаптарға сай, абаттандырылған және қауіпсіздік шаралары сақталған. Қозғалысқа арналған жолдарда ақпараттық стендтер орнатылып, құтқару жабдықтары, қалқандар қойылған.
ЕРЛАН ҚАСЫМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.
2024 жылдың қыс мезгілі басталасымен жергілікті атқарушы органдар мекенжайына біздер ақпараттық хаттар жолдағанбыз. Бүгінгі күні прокуратураға хат жолданды, мұз өткелдеріне қатысты тесеріс жүргізу туралы. Себебі өз бетімізбен мұз өткелдерін тексере алмаймыз. Мұз өткелдерін тексеру қажет болып тұр.
Осы қыста Павлодар қаласында мұз астына түсіп кеткен тұрғындардың үш оқиғасы тіркелген. Бұл оқиғалардың бірінде кәмелетке толмаған бала да бар. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мұз үстінде сақтық шараларын ұстануға және қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақыруда. Айта кетейік, өткен жылы осы уақытта облыста 13 мұз өткелі жұмыс жасаған.
Самал Қалиқызы