Биыл өңірде жыл соңына дейін 26 мың азамат екі қолға бір күрек тауып, жұмыспен қамтылады. Олардың 18 мыңы тұрақты түрде. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүріп жатыр? Тілшіміз айтсын.
Павлодар облысында жұмыссыздық деңгейі қазір 4,7 пайызды құрайды. Өңірде 63 мыңнан аса кадрға сұраныс бар. Бұл өнеркәсіп, көлік және қоймалау, білім, денсаулық саласында. Айта кетейік, жылдың басынан 4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылған.
Жұмыссыз азаматтарға арналған мүмкіндіктердің бірі - оларды оқыту. Ол жұмыс берушілердің орнында оқыту немесе жұмыс берушілердің өтініштері арқылы даярлау Тағы бір бағыт – СКИЛЛС платформасы арқылы дағдыларды жетілдіру.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Биылғы бізге міндеттердің бірі 2 мыңнан аса дағдыларға оқыту. 800 ден астам курс қолжетімді. 311 тегін курс бар. Курстар платформасы.
Сонымен қатар, мамыр айында осал топтағы азаматтарға арналған қайтарымсыз гранттар беріледі. Бұл қаржылық қолдау биыл өңірде 400-ден астам азаматқа, яғни 400 АЕК көлемінде табысталады деп жоспарланып отыр.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жыл сайын осал топтағы азаматттарға 400 АЕК көлемінде мамырда басталады деп күтілуде. Қайтарымсыз гранттар платформа арқылы жүзеге асырылады. 406 грант беру. Бұл осал топтағы азаматтарға ғана арналады.
Павлодар облысында жылдың соңына дейін 26 мыңға жуық жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Олардың 18 мыңы тұрақты.
Самал Қалиқызы