Шаһарымызда ерекше фотокөрме өтті. Онда қала тұрғындарының бейнесі мен көшелердегі сәттері бейнеленген фотосуреттер қойылды. Көрмеге белгілі фотографтар Ертіс арнасының телеоператорлары Евгений Олейник пен Александр Бичиневтің еңбектері қойылды.
Экспозицияға ақ-қара түсті фотосуреттер қойылды. Фотографтар жанрлық және эмоционалды кадрларды түсіруді ұнатады. Олар үшін шынайы көріністі беру маңызды. Кейде түстер суреттің мәнін өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл көрмеде тек ақ-қара фотолар ұсынылды.
АЛЕКСАНДР БИЧИНЕВ, ФОТОГРАФ, ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ
Бұл көрме біз үшін маңызды. Біз өз жұмысымызды адамдарға көрсетуді жақсы көреміз. Евгений – менің пікірлес әріптесім, онымен бірге жұмыс істеу өте жеңіл. Неге стрит-фото, неге репортаждық жанр? Өйткені бұл – ең қиын бағыттардың бірі. Біз бір кадрды бірнеше күн бойы жасамаймыз, оны сағаттап күтпейміз. Бар болғаны бір сәт, бір секунд. Жарықты көрдік, сәтті ұстадық, фотоға түсірдік. Біздің жұмысымыздың ең қызықты тұсы – сәтті кадрды ұстау
Көрмеге қала тұрғындары, өнер сүйер қауым және фотожанашырлар қатысты. Барлығы 60 жұмыс ұсынылды, оның 20-сы Евгений Олейниктің еңбегі. Бұл суреттер бір күнде емес, бірнеше жыл бойы жиналған.
ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ФОТОГРАФ, ERTIS ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТЕЛЕОПЕРАТОРЫ
Бұл менің алғашқы көрмем. Біз тіпті демалыс және мереке күндері де арнайы жиналып, кадрлар іріктедік. Ерекшелігі – барлық эмоция суреттерде анық көрінеді, көрермендер оны бірден сезінеді. Мен кәсіби түрде төрт жылдан бері фотографиямен айналысамын. Стрит-фотография көрерменге жақын деп ойлаймын. Өйткені олар өздеріне таныс көшелерді, таныс жүздерді көре алады.
КСМ: Көрме келушілерге ерекше әсер қалдырды. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды жиі өткізу жоспарда бар екенін айтты.
Сабина Жолдаспаева