Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл облыстан 1300 жас жігітті мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Бұрынғыдай емес әскери борышын өтеуге бел шешкен жігіттерге бірқатар мүмкіндіктер бар.

Әскерге шақыру жасы баршасы білетіндей 18 бен 27 аралығы. Павлодар облысының жас жігіттері еліміздің барлық облыстарында, барлық әскери құрылымдарында қызмет атқара алады. Отбасылық, денсаулық және оқу жағдайы бойынша ғана қызметтен босатылады.

Екінші деңгейлі банктердегі несиеден бөлек қазіргі уақытта шағын несие ұйымдарымен де келіссөз жүруде. Несие әскерге аттанған сәттен бастап 14 айға тоқтатылады. Ал, әскерде жүріп, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарған сарбаздарға жоғары оқу орнына грант ұтып алуға мүмкіндік бар.

Былтыр әскери борышын өтеген 800 ден астам сарбаз ЖОО грантын ұтып алыпты. Павлодар облысынан аттанған 1200 ден астам сарбаздың 60 тан астамы осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған.

Жанасыл Серікбол