Павлодар облысына биыл 4100 көші қон квотасы бөлінген. Өңірге келгендерге қандай жағдай жасалып отыр? Және олар жерсініп жата ма? Тілшіміз айтсын

Павлодар облысына «Еңбек» бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап 21 мың адам қоныс аударған.

САМАЛ ҚАДЫРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Былтырғы жылы министрліктің белгілеген квотасы бойынша 3422 адам көшіп келді. 2170 ішкі, қандастарымыз 1250 адамды құраған болатын. Жалпы ішкі қоныс Алматы, Астана, Түркістан облыстарынан келіп жатады. Қандастарымыз Моңғолия, Қытай, тәжікстан елінен келіп осы жерде тарихи елдеріне оралып жатыр. Ең бастысы Үкіметті мемлекет тарапынан кеөмегі деп санаймын. Ішкі қоныс аудуру бойынша, ол 30 АЕК ретінде көшу барысында беріледі. Көшіп келген кезде үйлері болмағандықтан, пәтерді жалға алады. Сонымен қатар оғанкөмегіміз бар. Қоныс аудару мәселесі өзекті мәселе басқа аймақтан келіп, осы жерде мақсатына жету үшін көп нәрсе жасау керек. Соның бәрі сол нәрсеге байланысты.

Ал, 2025 жыл Павлодар облысына көшіп келушілер мен қоныс аударушыларды қабылдаудың квотасы 4106 адамды құрап отыр. Оның ішінде ішкі қоныс бойынша 3050 адам болса, қандастарымыз 1056 адам көшіп келуі тиіс.

САМАЛ ҚАДЫРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кететіні аудандар мен қалалардан жиналған мәлімет бойынша көшіп қону алдында қай мекенге келетінін анықтаймыз. Жұмыс, бос орындар болу керек. Сатылатын үйлер болу керек. Қазіргі таңда мекенжайлар бекітілді. Мамандықтардың тапшылығы тізімі білім, медицина, әскери мамандықтар бойынша бізге жалпы мамандар керек. Сондықтан бағыт бойынша керек сол бойынша жұмыс атқарып жатырмыз.

Мамандардың айтуы бойынша келгендердің басым бөлігі жерсініп жатады. Ал, келгендердің 1-2 пайызы қайта кетіп жатады, ол денсаулықтарымен, отбасылық жағдайларына байланысты.

Самал Қалиқызы