«Сәкен ағай» атанған Сәдуақас Шормановтың 175 жылдығына арналған «Халқына сөзі құнды, өзі сыйлы Сәкен ағай» атты облыстық студенттер мүшәйрасы ұйымдастырылды. Байқауға өңіріміздің колледж студенттері қатысып, жүлделі орындар иеленді. Толығырақ сюжетте.

31 қаңтар мен 10 наурыз аралығында Сәдуақас Шормановтың 175 жылдығына арналған облыстық студенттер мүшәйрасы өтті. Ал оның қорытындысы 11 наурыз күні облыстық кітапханада анықталды. Мүшәйраның шарты бойынша ақындар екі өлең, яғни бірі Сәдуақас Шормановқа арналса, екіншісі еркін тақырыпта ұсынылды. Жеңіпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сыйақылар үйлестірілді.

МҰСАБЕК СЕЙСЕНБЕК, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл мүшәйрамызды демеушілердің қаражаты арқылы өткізіп отырмыз. Біріншіден Сәдуәқас атамызыдың Иса деген туысқаны бар, сол Исаның ұрпағы болып келетін Исин Расул Рахымұлы деген қаржылай демеушілік көрсетіп отыр. Сонымен қатар, қазақстан республикасы парламентінің сенатының депутаты халықаралық Сатпаев қорының қамқоршылық кенесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы ағамызда өзінің Сәдуәқас Шорманұлының 175 жылдығына орай көмегін көрсетті. Демеушілерге мүшәйраны ұйымдастырулар тарапынан зор алғыс айтамыз.

Мүшәйраға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қаласы, Шарбақты ауданы мен Баянауыл ауданын қоса алғанда барлығы 20 ақын қатысты. Оның ішінде қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 8 ақын жүлделі орындарды иеленді. Бас жүлдені Есенгелді Жәнібек жеңіп алды.

ЕСЕНКЕЛДІ ЖӘНІБЕК, МҰСАХАН ҚАНАПИЯНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ 4 КУРС СТУДЕНТІ

Осыдан бірнеше айлар бұрын осы Сәдуәқас Шорманов жайлы мүшәйра болатыны жайлы ақпарат берілген болатын.Сол күннен бастап осы үлкен додаға барымызды салып дайындалдық. Бұл мүшәйраның басқа мүшәйралардан бір ерекшелігі тұлға жайлы ақпараттарды іздеу жағы қиын болды.әртүрлі деректер болды. сол деректерді өңдеп ,саралап, сол арқылы өз арнауымызды жазып жіберген болатынбыз.

Бас жүлдеге 100 мың теңге, 1 орынға 80 мың, 2 орынға 70 мың , ал 3 орынға 50 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы табысталды. Сондай-ақ, қордың арнайы жүлделерімен 3 жас ақынымыз 10 мың теңге қаржылай марапатқа ие болды.

Дильназ Куанышбекова