Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін төрт шетелдік сот шешімі бойынша Қазақстаннан шығарылды. Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген.

Екібастұздағы "Мигрант" профилактикалық шарасы барысында полицейлер еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырудың екі фактісінің жолын кесті. Зауыттардың бірінде алты Өзбекстан Республикасының азаматы және қайталама шикізатты қайта өңдеу цехында екі Тәжікстан Республикасының азаматы жұмыс істеген. Шетелдік азаматтарда уәкілетті органның тиісті рұқсаты жоқ, ал жұмыс беруші шетелдік азаматтардың болуы туралы полицияға хабарламаған. Бұзушыларға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін материалдар сотқа жіберілді.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

«Павлодарда Тәжікстан Республикасының азаматы еңбек қызметін уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырды, сондай-ақ ұлттық төлқұжаты жарамды болу мерзімдерін бұза отырып, еліміздің аумағында болды. Шетелдік қабылдағыш-таратушыға орналастырылған. Сондай-ақ, заңнаманы бұза отырып жүрген шетелдікке тұрғын үй бергені үшін павлодарлыққа 49 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Айта кетейік, іс-шараның бірінші күні полиция қызметкерлері 55 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 33-ін шетел азаматтары жасаған.»

Естеріңізге сала кетейік, профилактикалық іс-шара 15 наурызға дейін жалғасады, оның шеңберінде құқық қорғау органдары құрылыс объектілерін, кәсіпорындарды, қонақ үйлерді, сауда нүктелерін, ойын-сауық орындарын, тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктердің тұрғылықты мекен-жайларын тексереді."Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, полицейлер азаматтарды көші-қон заңнамасын сақтауға және заңдарды бұзбауға шақырады.

Самал Қалиқызы