Аулаларда өсіп кеткен ағаштың бұтақтары жедел қызметтердің жұмысына үлкен кедергі келтіреді. Кейбір кездері құтқарушылар шақырылған мекенжайға жете алмай, алғашқы көмек көрсете алмайды. Осы мақсатта төтеншеліктер мен коммуналдық қызмет бірлесе отырып санитарлық кесу жұмыстарын жүргізді. Толығырақ алдағы материалда.

Төтеншеліктер мен коммуналдық қызмет бірлесіп, құрғақ ағаштарды, зиянкестер бүлдірген бұтақтарды кесіп, жолды тазартты. Себебі, мұндай ағаштар техникасының өрт ошағына жетуіне үлкен кедергі келтіреді. Сонымен қатар, дауыл тұрған кезде де аса қауіпті дейді мамандар.

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Басты мақсаты төтенше жағдайдың кезіндегі алдын алу. Өйткені дауылды жел болған күндері шірік ағаштар құлап, адамдар, ғимараттарға немесе көліктерге зиян келтіруі мүмкін. Одан басқа кей ағаштардың бұтақтары ө рт туындаған кезде техниканың өтуіне және жоғары қабаттағы өрт кезеңінде адамдарды құтқаруға кедергі келтіреді

Айта кетейік, ағаштарды кесу жұмыстары ақпан айында басталды. 80- аула тазартылған.

Қымбат Садық