Иса Байзақов атындағы филормонияда мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертте жанды дауыста 20ға жуық ән шырқалып, әсем би биленді. Толығырақ келесі сюжетте.

Бұл мерекелік кеш, әйелдер қауымын құттықтау және оларға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Концерт барысында түрлі аспапта әндер мен бидің бірегей үйлесімі көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жанды дауыста халық әні «Дударай», «Сағындым сені», «Арыс жағасында» және тағы басқа да туындылар шырқалды. Сондай-ақ, би қойылымдары да көрермендерді тәнті етті.

ШАҺАДАТ БЕКОВА, «ШЕРНИЯЗ» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұл концерттің ерекшелігі бір концертте үш баритон ән салады, бұл өте сирек кездесетін жағдай, себебі әдетте концерттерде тек бір солист болады. Ал мұнда үшеу. Сіздерді тамаша концерт күтіп тұр, керемет дауысты әншілер, біздің орындаушылар әндерді жанды дауыста орындайды, сондықтан бәрінің көңілінен шығады деген үміттемін.

Айта кетейік, мерекелік кешке 1 айдан аса уақыт дайындалған. Репертуарда ән және джаз оркестрі, «нұр» және «шернияз» би ансамблі өнерлері де жетерлік. Одан бөлек этномикс номерлері де бар.

АЛМАЗ МҰҚАТАЙ, ИСА БАЙЗАКОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ СОЛИСТІ

құрметті керекуліктер сіздерді келіп жеткен 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз аналарымыз сіздер бақытты болыңыздар,осылай күлімдеп, жарқырап жүре беріңіздер, сіздерге денсаулық тілеймін,отбасыларыңызға бақыт тілеймін.

Өніріміздің әртістері өз өнерлерін үлкен махаббатпен орындап, бұл кешті тағы да ұмытылмастай етті. Кештің соңында өнерпаздар зор қошеметке бөленді.

Дильназ Куанышбекова