Қалашілік көлік тасымалының маңызды бір бөлігі қоғамдық көліктердің жеткілікті болуы. Жеткілікті болып қана қоймай, жаңа болса тіпті жақсы. Бұл жұмыс облыста соңғы жылдары қолға алына бастады. Осылайша Павлодар көшелеріне арналған жаңа автобустардың тағы бір партиясы жеткізілді.

Бүгін облыс орталығында қала көшелеріне қатынайтын 20 су жаңа автобустар таныстырылды. Соңғы үлгідегі қоғамдық тасымалға арналған көліктерде жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы, 2022 жылдан бастап 181 автобус сатып алынған екен.

ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

2022 жылдан №1 автобус паркіне – 130, Павлодар автокомбинаты – 20, таксомотор – 31 автобус сатып алған. Жалпы алты маршруттар саны бар. Мына жаңа автобустардың сыйымдылығы жоғары, салон кондиционермен жабдықталған. Маломобильді азаматтар үшін аппарель бар. Және қауіпсіздік үшін 8 бейнекамера орнатылған, Бұл 1, 1э жаңа автобустар ертеңнен бастап қатынайды. Ескі автобустар алынып тасталады.

Облыс әкімі жаңа көліктермен танысты. Және қоғамдық көлік белгілі бір интервалда жүру керектігін айтты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл қоғамдық көліктердің басты міндеті уақыт интервалы. Сондықтан әр автобустың жүру уақыты кем дегенде 15 минуттан болғаны жақсы. Мысалы, автобус күтетін адам сағат 8 де шықса, 15 минуттан кейін автобус келетіне үйренеді. Сол арқылы ол жұмыстарын жоспарлай алады, бұл өте қолайлы. Бастысы әр автобус 15 минут уақыт интервалын тұрақты түрде сақтап отырғаны дұрыс.

Сыйымдылығы кең қоғамдық көліктер заман талабына сай құрал жабдықтармен жарақталған. Әрі, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп тұруына да ыңғайлы.

АЛЕКСАНДР ПАНЧЕНКО, «ПАВЛОДАР АВТОКОМБИНАТЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Бұл автобустардың соңғы үлгідегі модель, сондықтан осыны таңдадық. Артықшылығы көп. 7 қабырға радиаторы, 2 салон және әр есікте 1 радиатор бар.Бұл дегеніміз жылытқыш жүйесі өте жақсы, тұрғындар қатты аяздарда тоңбайды. Ал жазда кондиционер жұмыс істейді. Осы жаңа автобустарды сатып алу арқылы, шаһар тұрғындарына жайлы жағдай жасалып отыр деп ойлаймыз.

Қоғамдық көлікті жаңарту жұмысы алдағы уақытта жалғасады.

Қымбат Садық