Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз әрдайым ұлықталу керек. Ұлыстың ұлы наурыз мейрамы қарсаңында ақ жаулықты әжелер сырмақ тоқып, өскелең ұрпаққа тігу әдісін көрсетті. Ұлттық нақышта сырған сырмақтар жайлы алдағы сюжеттен көрейік.
Байқауға облыстың аймақтарынан 10 қолөнер шебері қатысты. Олар бір жарым ай бойы үйлерінде сырмақ тігіп, жұмыс барысын видеоға түсірді. Бүгін қатысушылар дайын жұмыстарын әкеліп, соңғы әрлеу жұмыстарын орындады. Әділқазылар олардың еңбегін ұлттық нақыш, көркемдік ерекшелік және сапа бойынша бағалады.
УӘСИЛӘ НҰРМҰХАНБЕТОВА, «ШАБЫТ ҚАЙНАРЫ» ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Біздің байқаудың мақсаты-біздің ұлттық музейдің қоры бар ғой, олардың барлығы көне. Олар 30-40 жылдан асты. Олардың бәрі тозады. Сол жәдігерлерді жаңарту керекпіз. Бір жарым ай ішінде 30ға таман үміткерлер болды. Ал бізде өзіміздің шартымыз бар. Шартқа байланасты 10-11 адам өтті бүгінгі үлкен байқауға. Қалған қатысуышалрдың кейбірінің тәжірибесі жетпеді. Жұмыстардыын келіспеушіліктері болды. Сол үшін көп шеберлер қатыса алмады өкінішке орай. Қазір бір жақсысы көне есігін ашып жатыр.
Сырмақ жасау – көп еңбекті талап ететін күрделі жұмыс. Алдымен қойдың жүнінен киіз басылады. Жүнді сабап, жуып, кептірген соң, арнайы әдіспен илейді. Дайын киізге түрлі ою-өрнек салынады. Оюлар арнайы жіптермен тігіліп немесе жапсыру әдісі арқылы бекітіледі. Бұл әдіс сырмаққа ерекше сән береді.
САЙЛАУЖАН ӘМІРӘЛІ, ҚАТЫСУШЫ
Енді жасымыздан келе жатқан өнеріміз осы. Жастарға кішкене үлгі болсын, көрсін, үйренсін кішкентай болса да түртіп ласын деген оймен қатысып отырмыз байқауға. Сырмақ істеу оңай нәрсе емес. Мен осы 16-17 жасымнан бастап, тұрмықа шыққалы бері сырмақ тігем. Қазір 67 жастамын. Содан бері істеп келе жатқан ісім. Қолымнан бір күн де тастаған емеспін. Мынау қой жүні сырып ал амыз.
Айта кетейік, байқау барысында жасалған сырмақтар 22 наурыз күні Павлодар қаласының орталық алаңында өтетін Наурыз мерекесінде көпшілік назарына ұсынылады. Сырмақтар арнайы киіз үйдің ішінде қойылады.
Сабина Жолдаспаева