Май ауданында «Тақия fest» атты аудандық фестиваль өтті. Оған аудан мектептерінен «Аққу» қыздар клубының мүшелері қатысты.Толығырақ алдағы материалда.

Аудандық фестиваль аясында оқушы қыздар шеберлерден тақия тігуді үйреніп қана қоймай, қуыршақ тоқу және фелтинг әдісі бойынша киізге өрнек салуды үйренді. Фестивалдің негізгі кезеңінде қатысушылар тақия безендіруден сынға түсіп, қазақ қыздарының бас киім түрлерін таныстырды. Оқушылар тақия, бөрік, төбетай, қарқара, кепеш, сораба, сәукеле, бергек, жырға, кимешек, жаулық сияқты бас киім үлгілерімен танысты.

Фестивальдің мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, бойжеткен қыздарға ұлттық бас киім үлгілерін кию мәдениетін таныстыру, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын олардың бойына насихаттау болды.

Қымбат Садық