«Ертіс» футбол клубы екінші оқу-жаттығу жиынын Шымкент қаласында өткізіп жатыр. Команда Қазақстан чемпионатының Бірінші лига ойындарына және Қазақстан Кубогы матчтарына дайындалуда.
Жаттығу жиыны аясында Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын «Ертіс» командасы Түркістан облысының «Жетісай» клубымен жолдастық кездесу өткізді. Өткен маусымда Бірінші лигада жетінші орын алған қарсыласына павлодарлық футболшылар айтарлықтай басымдық танытты. Ойын 3:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, дайындық Шымкентте 13 наурызға дейін жалғасады. Одан кейін павлодарлық клуб Алматыға барады. 16 наурызда олар Қазақстан Кубогының алдын ала кезеңінде қарағандылық «Шахтермен» кездеседі.