ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. Оның барысында өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты бірнеше маңызды жобалар талқыланды.
Ертіс өзенінде жүк тасымалын қалпына келтіру мәселесі өзекті. Вице-министрдің айтуынша, бұл жоба Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы транзиттік дәліздің бір бөлігі болмақ. Бұл жол дәлізі арқылы келешекте жүк тасымалы 2,5 миллион тоннаға дейін артады деп жоспарлануда.
МАҚСАТ ҚАЛИАҚПАРОВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Біз Ресей мен Қытайдағы әріптестерімізбен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Алдымен тасымалданатын жүк көлемін нақты анықтап алу керек. Содан кейін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Бұл екі ел қатар атқаруы тиіс маңызды жұмыс. Егер бір жақ істеп, екінші жақ жасамаса, оның ешқандай пайдасы болмайды. Жоспарымызға сәйкес, барлық жұмыстар кезең-кезеңімен іске асады.
Вице-министрдің айтуынша, Ертіс өзенінің үстінен құбыр салу жобасы 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Туристік саланы дамыту мақсатында Павлодар әуежайын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде әуежай ғимараты мен ұшу-қону жолағын жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстарды 2026 жылдың ортасына дейін аяқтау көзделіп отыр.
МАҚСАТ ҚАЛИАҚПАРОВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Ол құбырдың жұмысы басталды. 2025 жылға дейін бітіреміз деген жоспар бар. Барлығы жоспармен өтіп жатыр. Туристік жұмыстарды да дамыту үшін біраз жұмыстар, бұл аэропортты дамыту, жұмыстарын биыл және келесі жылдың ортасында бітіруге тырысамыз. Вокзал мен жолға қону полосасын бітіреміз деп ойлаймыз. Және теміржол жұмыстарын модернизациялау жұмыстары басталады. Павлодар мен Екібастұз бітті енді осы жылы район маңызды воказалдардың жұмыстарын бастаймыз. Биыл бітіру жоспары бар.
Кездесу барысында тұрғындар көлік инфрақұрылымына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ашық диалогтан кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады.
Сабина Жолдаспаева