Облыс әкімі Асайын Байханов Мемлекет басшысы ұсынған «Әкімдер мектебі» жобасы аясында ауылдық округ әкімдеріне дәріс оқыды. Сабақ мазмұны жайында тілшіміз толықтырып айтсын.

Дәріс барысында өңір басшысы алдымен азаматтардың өзекті мәселелерін шешу және инвестиция тарту ауыл әкімдерінің басты міндеті екеніне тоқталды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі мына кездесу сіздерге тек лекция ғана емес, бірдеңе үйретемін деп келген жоқпын мен. Басты мақсатым сіздерді көру, екіншіден біздің өңірлік саяси көзқарасымыз қандай аиқарып жатқан қызметтеріңізге айналуда.

Бүгінде облыста 350-ден астам ауылдық елдімекен, 126 дербес ауылдық бюджетке біріктірілген. Облыстық бюджеттен ауылдарды қаржылай қолдау үшін 17,2 млрд теңге бөлінген. Айта кетейік, биыл Ертіс,Аққулы, Павлодар, Шарбақты аудандарында сегіз антеналық құрылым және 14 ауылда спутниктік интернет орнатылды. Елдімекендердің барлық кірме жолдары мен алты су құбырының жұмысы да аяқталмақ.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біздің облысымыз ең жоғары деңгейдегі урбанизация бар облыстыардың бірі болып табылады. 750мың халықтың, 220 мыңы 352 ауылда тұрады. Ауыл елдің бесігі, біздің қазынамыз.

Дәріс барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Өңір басшысы ауылдың әл-ауқатын жақсарту үшін талай жұмыс бірлесе атқарылуы керек екендігі айтты.

Қымбат Садық