Өңір жұртшылығы шуақты мереке - Көрісу күнін жарқын көңіл күймен тойлап жатыр. Осы орайда Аманат партиясы мен облыстық мәслихат депутаттары да үлкендерге көрісе барып, батасын алды. Жастармен кездесіп, бір-бірімен табысып, төс қағысты.
Бүгін көрісу күні. Бі -біріне деген араздық өкпе -ренішті ұмытып амандық тілейді. Көрісу жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн. Осы мақсатта Аманат партиясы мен облыстық мәслихат депутаттары белсенді өмір сүру орталығына көрісе барды.
ЗАЙДА САҒЫНБЕКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР
Бізге де міне қонақтар келіп, Аманат партиясынан жастар келіп зейнеткерлерді құттықтап жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Аман болайық бәріміз, наурызымыз құтты болсын.
Татулық пен тәубешіліктің мерекесін жоғары оқу орындары да қолдады. Жиналған жастар аға буынның көрсеткен үлгісіне дән риза.
ЖАЛЫН ҚҰНАНБАЙ, 1 КУРС СТУДЕНТІ
Көрісу мерекесін бізде Торайғыров университеті тойлап жатырмыз. Қонақтарымыз келіп, олардың алдында ән салып, осылай көрісу күнін қарсы алып жатырмыз.
Көрісу күнінің көңіл-күйі бөлек. Сондықтан да депутаттар ұлттық құндылықтарды насихаттайды.
АЙНҰР МҰХАМЕДЬЯРОВА, «AMANAT» ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Үлкен ақсақалдар мен ақжаулықты аналардың баталарын алып, өзіміздің сый-сияпатымызбен барып, жағдайларын сұрап қайттық Бүгін Замандас орталығына барып келдік, олармен кездесіп бір көңіл серпіліп қалды. Іс-шаралардың барлығы жоғары деңгейде өткізіліп жатыр, оған енді күмәніміз жоқ.
Бұл мерекелік шараның мазмұны кең. Үлкендерден ұлағатты сөз тыңдалып, жастар ән мен жырдан шашу шашты.
Қымбат Садық