16-наурыз шаңырақ күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай біз Төлеген ата мен Ләззат апа Құлтұмановтар отбасы туралы айтамыз. Олардың отасқандарына биыл 60 жыл. Берекелі әулетпен әріптесім сұхбаттасты.
Өмірдің қызығы мен шыжығын бөлісіп, көпке үлгі боларлық салиқалы отбасының тірегі, отағасы Төлеген Култуманов. әкесі соғысқа ерте аттанып, анасының бауырында тәрбиеленген. Атамыз жастайынан еңбекке құштар болған. 1965 жылы Семей педагогикалық институтының физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Болашақ жары Ләззат апайымызбен Семей қаласында танысқан.
ТӨЛЕГЕН ҚҰЛТЫМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
әскерден келгеннен кейін екеуміз семья құрдық.енді семья құрғанда қиыншылықтар көп болды.біз семья болып екеуміз әлі жөнді ештеңемңіз жоқ. содан үйленгеннен кейін бір айдан кейін елде бір ағай бар еді, сол айтты енді өздерін қазақстанға барындар россиядан деп, сол қазақстанға көшіп келіп бір танымайтын ауылда 10 жылдық мектепте екеуміз мұғалім болып істедік. сол бір үлкен шабанның үйін беріп еді үй салқын болып соны енді жылына 15-20 тонна көмір жақтық бейнет көріп,солай өмір жолын бастадық.
Бақытты болуға әркім лайық болса да, оған апарар жол әрқилы. Отанасы әулетке 20 жасында келін боп түскен. Өмірін білім жолымен байланыстырған жандар бақыттың кілтін нағыз еңбектің арқасында тапқан.
ТӨЛЕГЕН ҚҰЛТЫМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Өмірге 3 бала әкелдік. Үлкеніміз 68 жылғы екінші 70 жылғы, үшінші 75 жылғы. Міне сол балаларды мен жұмыста таңертеңнен кешке дейін жұмыста жүріп осы міне жарым Ләззаттын еңбегі зор десем болады. Солардың бәрін өсіріп жеткізіп, оқуға садикке апарып осы кісінің арқасы.
Өнегелі отбасы Павлодар қаласына 1986 қоныс аударған. 3 перзент тәрбиелеп, 7 немере 4 шөбере көріп отыр.
ТӨЛЕГЕН ҚҰЛТЫМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
60 жылдай бір сөзге келмей тұрдық деуге артықтау болар, енді семья болған соң ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды.бірақ бірімізді біріміз түсініп, осылай тіл табысып сыйлап келе жатырмыз.
Бақытты отбасының кілті – бірлік пен татулықта. Бұл сөз 60 жыл отасқан Төлеген ата мен Ләззат апа әулетінің айнымас бағдарына айналған.
Куанышбекова Дильназ