Павлодарлық делегация көрісу мерекесі аясында Семейге барды. Абай мен Мұхтар шыққан мәдениет пен әдебиет ордасының халқымен көрісіп, төс қағыстырып, арқа-жарқа болды. Биыл Ертіс-Баян Наурыз мерекесін тойлауға ерте қамданды. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Ертіс Баян өңірінен 330 шақырымды артқа тастап, ат терлетіп барған делегацияны семейліктер осылай ерекше ықыласпен қарсы алды. Көрісу - ежелгі дәстүрлердің бірі. Бұл кезең қазақтың көк жүзіндегі айдың қозғалысы арқылы жүргізілетін ескіше есебі бойынша Наурыздың 14-інен басталған. Бұл дәстүрді кей жерлер де «Амал» деп атайды. Осы ретте Павлодар биыл ерекше жобаны қолға алды. Екібастұз бен Ақсу қалаларынан басталған көрісу Семейге дейін жетті.

ҚОБЛАНБЕК ҚОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Әрине қарым қатынасты қай заманда болсын ол керек. Байырғы дәстүрі мәдениетмізіге сіңіп кетті. Екі қаланың екі өңірдің дамытуына септігін тигізе ме деген сенімдеміз.

Екі өңір халқын көрістіру мақсаты - алдымен салт дәстүрімізді жаңғыртуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және достығымызды нығайтуға бағытталды. Көршілес облыстардың халқы арқа жарқа болып, кездесіп, төс қағыстырып, амалмен құттықтап, игі тілектерін жаудырды.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгін міне Ертіс жағасындағы Семей мен Павлодарда көрісу өткізіп жатырмыз. Жыл қайырлы болсын.

Қытымыр қыстан аман есен шыққан халқымыз құшақтарын кең жайып осылай көріскен. Береке мен бірліктің бастауы болған Амал мерекесінде қазақ үлкендерге алғыс айтып, өкпе реніштері болса кешірген. Павлодар өңірі биыл бұл мерекеге ерте дайындалып, тойлауды бастап кеткен еді.

КЕНЖЕ КЕҢЕСБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл жасы келген біздерге керек. Бірақ кейінгі ұрпаққа керек. Дәстүр ұмытылмау керек. Тілек айтып. 40 жақсы адам келдік. Жастары үлкендері бар. Жақсы тілек білдіріп жатыр.

Қуантарлығы жыл өткен сайын Амал мейрамының сипаты мен тойлауы кеңейіп келеді. Көрісу кезінде павлодарлық өнерпаздар Семейдің киелі сахнасында ортаға шығып ән мен күйден шашу шашты.

СЕРІК РЫСБЕК, ӨНЕРПАЗ

Павлодар қаласының өнерпаздары мен зиялы қауым өкілдері. Барлығы ұйымдастырып жатыр. Осы бір әдемі дәстүрде керемет қарсы алып жатыр.

Семейліктер Қарт Ертістің жағасындағы көршілеріне алғысын білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті.

КӘКІМЖАН ҚОЙГЕЛДИНОВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Өте жақсы қарсы алып жатырмыз деп ойлаймыз. Ол кісілерге көп рахмет. Павлодар Семей бұрыннан келген халықпыз ғой. Татту тәтті. Экономика да жақсы. Павлодардан келген азаматтарға көптен көп рахмет, амандықпен.

Көрісу қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. Еліміздің батыс өңірі жылда бұл мерекені ерекше атап өтетін. Енді міне павлодарлықтар да көштен қалмай Наурызды тойлауды осы күннен бастап кетті.

Самал Қалиқызы