Президент сайлауалды бағдарламасында саяси реформа мәселесін айрықша айтты. Сонын ішінде мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам болды. Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы алғаш рет 2021 жылдың шілдесінде өткені белгілі. Біздің өңірде 120 ауылдың әкімі 4 жыл ішінде тікелей халық таңдауымен сайланыпты. Ал биыл саяси жаңғыру аясында Павлодар облысында қанша ауыл әкімі сайланады? Толығырақ Әйгерім Тоқпанқызы айтсын.

Саяси жаңғыру болмай, әлеуметтік, экономикалық тұрғыда даму да, өсу де мүмкін емес. Сайлау -халықтың еркін таңдауы арқылы- аймақтың дамуына үлес қосатын зор мүмкіндік. Бүгін біздің аймақта 95,2 пайыз елдімекен басшылары сайланған.

ГҮЛСІМ СҮЙІНДІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Мемлекет басшысының саяси реформаларын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың шілде айынан бастап тұрғындар ауыл, кент, және ауылдық округ әкімдерін өздері сайлайды. Жалпы Павлодар облысына қазір 126 ауыл әкімі болса оның 111 яғни 88 пайызы өткен 4 жыл ішінде тікелей дауыс беру арқылы сайланды. 2025 жылдың соңына дейін тікелей сайлаумен облыстың 100 пайыз ауылдық округі қамтылатын болады.

Биыл Павлодар өңірінде қалған 43 ауыл әкімі сайланады. Ақсу, Екібастұз ауылдық аймағына қарасты ауылдармен қоса Аққулы, Ақтоғай, Железин, Павлодар және Успен аудандарының 8 ауыл әкімдерін бұқара таңдады. Ендігі сайлау Баянауыл ауданы Жаңажол ауылында өтпек. Саяси науқанға 3 кандидат тіркеліпті.

ГҮЛСІМ СҮЙІНДІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

5 наурызда өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Баянауыл ауданы Жанажол ауылдық округінің әкімі сайлауы тағайындалды. Қазіргі уақытта осы сайлау округінде кандидаттарды ұсыну кезеңі жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты тағы 43 ауыл әкімінің сайлауы жоспарланған.

Айта кетейік 2023 жылы Шарбақты, Ақтоғай және Железин өлкесінің әкімдерін тұрғындар өздері сайлайды. Сенімді еселеген саяси реформа, ел дамуына тың серпін берді.

Әйгерім Тоқпанқызы