Мемлекет басшысының саяси реформасы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының маңызы зор. Бұл жарқын болашақ үшін жасалған қадамның бірі.Осы мақсатта Павлодар облысында 204 460 мың бала ұлттық қордан ақша алуға тиесілі екен. Толығырақ тілші тарқатады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасы халық игілігін жақсарту үшін бағытталған, тұрақтылықтың басты негізі. Осы орайда балалар болшағы үшін «Ұлттық қор-балаларға» жобасы іске асуда. Сандарды сөйлетсек, елімізде кәмелет жасына толмаған 6 млннан астам балаға Ұлттық қордан ақша аударылды. Оның ішінде 72 мыңнан астам жасөспірім қаражатты шоттан шешіп, бағдарламаға тиісті қолданған. Павлодар өңірінде биыл 8000 бала 18 жасқа толып,қаражатты өз игілігіне жұмсай алады.

ВЛАДИМИР ПИТРАКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БЖЗҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біздің филиалға күн сайын 18 жасқа толатын балалр мен ата-аналары келіп, мамандардан көмек алып жатыр. Мысалы, 2000-нан астам бала ұлттық қордан ақша алды. Ол қаржыны екі мақсатта жұмсай алады: Біроіншісі білім алуға, екіншіден баспана алу мүмкіндігі бар. Оның аясында жиналған қаражатты үй алу үшін алғашқы жарна ретінде көрсете алады.

Айта кетейік, 2000-нан астам өтініштің ішінде 1100-і білім алуға, ал 1571 бала тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында қаражат алған. Жауапты сала мамандары жобаның артықшылығы мен маңызы зор екенін айтады.

СҰНҒАТ ТАСЖАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БЖЗҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

Әрине өте маңызды, болашққа деген өзінің бір септігін тигізеді. Мысалы 18 жасқа дейін жиналған қаражат бастапқы жарнаға біраз жақсы сумма жинақталып қалады.

Мұндай жоба қазақстандықтар үшін елеулі бастама болып табылады. Әрі еліміздің жас ұрпағын дамыту мен болашағын қамтамасыз етуге кең мүмкіндіктер беретіні анық.

Қымбат Садық